Отырар аудандық сотындағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

14 шілде 2017 жылы Отырар аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы А.Джанасов, прокуратура, ішкі істер органдары, әділет басқармасы, салық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің лауазымды адамдары, сонымен бірге сот қызметкерлері қатысты.

Талқыланған сұрақтар дөңгелек үстелге қатысушылар арасында қызығушылық танытты. Талқылау барысында әкімшілік істер бойынша хаттаманы және оған қосылатын құжаттарды дұрыс толтыруға қатысты сұрақтар қозғалды. Атап айтқанда сот кеңсе меңгерушісімен өкілетті органдарға қатысты әкімшілік істерді рәсімдеу сұрақтары бойынша ескертулер айтылды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі