Пара беруге азғырғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен және ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігімен, атап айтқанда алаяқтық және пара беруге үгіттеу бойынша  күдікті Н.А.-ға қатысты кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім  қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Арыс қаласының «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің бөлім бастығы азамат Н.А. жәбірленуші К.Б.-дан Арыс қаласының орталық базарының жанынан сауда саттықпен айналысуға жер бөліп беру өзінің құзырына кірмейтінін және аталған іс-әрекеттерді жасауға өзінің ешқандай мүмкіндігі жоқ екенін біле тұра, әкім орынбасарына пара беру қажеттігін айтып, К.Б.-дан 150 000 теңге алған.  

Сот Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен ҚК-нің 55,56-баптарын ескере отырып, Н.Б-ға жеке мүлкі тәркіленумен мемлекеттік ұйымдарда қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл 7 ай 15 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі