Сайрам аудандық сотында кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сайрам аудандық сотында судьялардың, құқық қорғау органдары өкілдерінің, адвокаттар және медиаторлардың қатысуымен 03.07.2017 жылы Қазақстан Республикасының кейбір Заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға араналған дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық сот төрағасы Б.Тыныбеков жиынды ашып, қылмыстардың жекелеген құрамдарын декримина­ли­зациялауға қатысты өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті.

Тергеу судьясы С.Кабылова өзінің баяндамасында қатысушылардың назарын ҚР Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару  кодекстеріндегі өзгертулер мен толықтыруларға аударды.

Сонымен қатар, жиында құқық қорғау органдары мен адвокаттардың баяндамалары тыңдалды. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі