Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы халықпен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманбердінің бастамасымен Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам ауылында орналасқан №10 колледж ғимаратының акт залында халықпен кездесу өтті. Іс-шараға Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Е.Бекназаров, ауыл тұрғындары, колледж мұғалімдері мен ауыл әкімшілігінің қызметкерлері қатысты.

Жиынды сот төрағасы Е.Рахманберді ашып, мемлекет басшысының жыл басындағы халыққа жолдауында көзделген мәселелерге тоқталып, Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық беру қажеттігі жайлы айтылғанын, болашаққа жол ашатын мүмкіндіктер мен нақты қадамдар көрсетілгенін, соған байланысты алдағы уақытта ауқымды міндеттер тұрғанын. Ұлт жоспарындағы  Заң  үстемдігін  қамтамасыз  ету  реформасы  аясында  жүргізіліп  жатқан  сот-құқықтық  реформадағы  өзгерістер  және толықтырулар  енгізілген  соңғы  Заңдарға, яғни Қылмыстық кодекстегі 108, 109-баптары алынып тасталып, әкімшілік жауаптылыққа тартылатыны жөнінде тоқталып өтті.

Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңын, азаматтық сот ісін жүргізудегі дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны, олардың қолданылу тәсілдері жайлы баяндама жасады.

Сондай-ақ, меншік құқығын тану жөнінде Азаматтық кодексінің 244-бабының 3-бөлігінің негіздерін, яғни өз бетінше салынған құрылыстарға жергілікті атқарушы органдардың келісімі болған кезде ғана меншік құқығы танылатынын, күнделікті туындайтын жер даулары бойынша заңнамаларды кеңінен түсіндірді.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындарының қойған сұрақтарына жауап беріп, оларға сот жүйесінің үш сатылы жүйеге көшкенін, яғни кассациялық сот алқасы Жоғарғы Соттың құзыретіне өткендігін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тергеу судьясының өкілеттіктері заң жүзінде одан әрі кеңейтілгендігін, сот жүйесіне енгізілген жаңа технологияларды меңгеруді, сол жағдайда ғана азаматтар әуре-сарсаңға салынбайтынын және қағазбастылықтан арылатынын жеткізді.

Шара соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар сот тәжірибесін одан әрі жақсартуға септігін тигізетін осындай маңызды кездесулердің аса қажеттігін  атап  өтті. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі