Сот тараптарға мәселені бейбіт келісіммен шешуге ықпал етті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотына азаматша К. су басу салдарынан өзіне келтірілген материалдық залалды азаматтар  Б. және С.-тен ортақ тәртіпте өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Сот талқылауы барысында, сот тараптарға қойылған талапты бейбіт келісіммен, медиация тәртібімен шешудің ерекшеліктері мен ережелерін түсіндірді.

Нәтижесінде тараптар сотқа туындаған мәселені бейбіт келісімді бекіту жолымен шешу туралы бірдей талап-тілекпен жүгінді.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы бейбіт келісім бекітіліп, келісім бойынша азаматша К. өзінің талаптарынан бас тартып, ал азаматтар Б. және С. өз еркімен келтірілген материалдық шығын 100 000 теңгені өтеуге міндеттеніп, 35 000 теңге бөлігін талапкерге бейбіт келісімге келген күні, ал қалған 65 000 теңге шығынды екі айдың көлемінде, яғни 2017 жылдың 30 шілдесіне дейін өтеуге міндеттенді, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі