Сот залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен А.Нурдилдаев, Қ.Копбаев, Б.Шажалы және Ж.Шәріпбекұлына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2016 жылғы 10 қазан күні Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы №277 ғимаратында орналасқан «Пандора» түнгі клубында А.Нурдилдаев, Қ.Копбаев, Б.Шажалы және Ж.Шәріпбекұлы көңіл көтеріп отырған. Содан түнгі 03:30 шамасында би алаңында Б.Сақ пен Б.Шажалы иықтарымен соқтығысып қалып, араларында ерегіс туындап, қоғамдық орында ұрыс шығарған. Нәтижесінде сотталушылар А.Нурдилдаев, Қ.Копбаев, Б.Шажалы және Ж.Шәріпбекұлы жәбірленуші Б.Саққа қарсы күш қолданып, ұрып соққан. Сол кезде А.Нурдилдаев өзімен бірге заңсыз алып жүрген атыс қаруымен Б.Сақты атып, оған қаза келтірген.

Сотталушы А.Нурдилдаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 58-бабы 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушылар Қ.Копбаев, Б.Шажалы және Ж.Шәріпбекұлы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, олардың әрқайсысына 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі