«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы аясында өткен дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Созақ аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге сот жүйесінің ардагерлері Г.Кумалакова, О.Темиров, Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Еспенбетов, Созақ АІІБ бастығы С.Кенжебеков, жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Н.Қазанғапов, адвокаттар Н.Еденбаев, З.Рысбекова, Созақ аудандық Әділет басқармасының бастығы Г.Мусаевтар қатысты.

Сот жүйесінің ардагерлері өз сөздерінде сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленгенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу - өз құзыреті шеңберінде барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке тұлғалардың міндеті екендігін жеткізді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сот төрағасы дөңгелек үстелге белсенді қатысқандары үшін барлығына алғыс білдірді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі