Жаңалықтар

Сотта «Қылмыстық құқық бұзушылық істерін мемлекеттік тілде қарау барысында туындаған мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

01/12/2023
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасы бойынша:
Сотта «Қылмыстық құқық бұзушылық істерін мемлекеттік тілде қарау барысында туындаған мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Д.Мадалиев, Түркістан облысының прокуратура өкілі мен заң кеңесінің адвокаттары қатысты.
Іс-шараны ашқан спикер, қылмыстық құқық бұзушылық істерін мемлекеттік тілде қарау барысында туындайтын мәселелер бойынша қысқаша баяндап өтті.

ҚАЙЫН АТАСЫНА ҚОЛ КӨТЕРГЕНІ ҮШІН 7 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ

01/12/2023
ҚАЙЫН АТАСЫНА ҚОЛ КӨТЕРГЕНІ ҮШІН 7 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ
 Түлкібас аудандық сотында «О» есімді азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
 Құқық бұзушы «О» алкогольдік масаң күйде бұрынғы қайын атасын ұрып соғып, денсаулығына «жеңіл» дене жарақатын келтірген.

АУЫЛ БИЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

09/11/2023
Түлкібас аудандық сотының ұйымдастырумен, қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу, медиация институтын дамыту және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, Түлкібас ауданының ауыл билерінің қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Түлкібас аудандық сотының төрағасы Марат Ырсымбетов және Түлкібас ауданының 15 ауыл округінің билері қатысты.

БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

08/11/2023
 
Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігі басшысы Н.Ахметзакировтың 2023 жылдың 6 қарашадағы №6001-23-7-9/1118 санды өкімімен Жұмадилов Данияр Қарабайұлы Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Департамент басшысының орынбасарын сот корпусы мен сот қызметкерлеріне Түркістан облыстық соты төрағасының м.а. А.Сұлтанов пен Сот Әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы. А.Апбас бейнебайланыс қолдану арқылы таныстырды.

Бәйдібек аудандық сотының төрағасы М.Сәрсеновтың төрағалық етуімен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№19 колледж» МКҚ студенттерімен кездесу өтті.

02/11/2023

 

    Бәйдібек аудандық сотының хабарламасы бойынша:

    Бәйдібек аудандық сотының төрағасы М.Сәрсеновтың төрағалық етуімен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№19 колледж» МКҚ студенттерімен кездесу өтті.

Тараптар медиация тәртібімен келісімге келді

02/11/2023
Төлеби аудандық сотында Талап қоюшы П. сотқа берген талап қоюында жауапкер Е-ден заңсыз иемденіп отырған 5 000 000 теңгені өндіруді сұраған.
Сот отырысында талап қоюшы П. сотта жүргізілген медиация тәртібінде тараптар дауды реттеу туралы келісімге қол жеткізіп, соттан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп беруді, азаматтық іс жүргізуді тоқтатуды сұрап арыз түсірген.

Түркістан облысы Отырар ауданында ішкi iстер органдарында тiркелмеген қару 12-калибрлі «ИЖ-27» модельді аңшылық отты атыс мылтығы тәркіленді

01/11/2023

Түркістан облысының Отырар аудандық сотының хабарламасы бойынша:

2023 жылдың 30 қазан Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 04 қазанда сағат 17:00 шамасында Түркістан облысы, Отырар ауданы, Аққұм ауылына қарасты «Ащы құдық» деп аталатын мал жайылымдық жерде, ішкi iстер органдарында тiркелмеген қару 12-калибрлі «ИЖ-27» модельді, ұңғыдағы зауыттық нөмірі «22311» санды тегіс ұңғылы,  аңшылық отты атыс мылтығын өзімен бірге алып жүрген.

Өзбекстан Республикасының азаматтары жергілікті атқарушы орган немесе ішкі істер органдары берген тиісті рұқсаттарсыз Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырған.

01/11/2023

Отырар аудандық сотының хабарламасы бойынша:

2023 жылдың 31 қазанында Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен он бес Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының он бес азаматтары 2023 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы аумағына жеке мақсатта келіп, тиісті рұқсатты алмай, Отырар ауданы, Көксарай ауылы, Тәуелсіздік көшесі нөмерсіз үйде қауын артушы болып еңбек қызметін атқарған.

ЖҰБАЙЫН ОРЫНДЫҚПЕН ҰРҒАНЫ ҮШІН 15 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ

01/11/2023

         Түлкібас аудандық сотында «Э» есімді азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1-бабының 1-1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы «Э» өз жұбайын орындықпен бірнеше рет ұрып, аяғымен теуіп, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Сот отырысында құқық бұзушы жасаған әрекетін толығымен мойындап, жұбайының үйіне кешігіп келгеніне, қасында бөтен адамдар болғанына ашуланып ұрғанын түсіндірді.

Сарыағаш аудандық сотының ғимаратында 2023 жылдың 30 қазан күні «оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жататын істерді қарау тәжірибесі», медиация тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізілді.

30/10/2023
Сарыағаш аудандық сотының ғимаратында 2023 жылдың 30 қазан күні «оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жататын істерді қарау тәжірибесі», медиация тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізілді.

Беттер