Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері тиісті жазаларын алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 31-ші наурызы күні  Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкент қаласының аумағында 2009-2012 жылдар аралығында, жалған мәміле жасау арқылы, салықтан жалтару үшін  жалған құжаттарды жасап, ойдан шығарылған азаматтардың аттарына фирмалар ашып жалған кәсіпкерлікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттері ОҚО бойынша салық Департаментінің жоғары лауазымдағы қызметкері қамқорлық жасағандықтан олардың ұзақ мерзімде анықталмаған.

Аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың жалған мәміле жасап, салықтық есептерге бұрмаланған мәліметтерді көрсетіп отыруынан мемлекетке 18  млрд. теңгеге материалдық залал келген.

Аталған қылмыстар бойынша 12 адам сотты болды.

ҰҚТ басшысы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 192-1- бабының, 192- бабының 3-бөлігінің «а» тармағы, 222- бабының 3- бөлігі,  235- бабының 1-бөлігі,  325-бабының 2-бөлігі, 325-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті жеке мүлкін тәркілеп 8 жыл 6 айға, ҰҚТ қамқоршысы және қатысушы С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307-бабының 4-бөлігі, 235-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті жеке мүлкін тәркілеп 8 жыл 6 айға, ҰҚТ-тың негізгі қатысушылары С., Л., Д. және А. жеке мүлкін тәркілеп 6 жылға, аталған қылмыстарды жасауға жәрдемдескендері үшін Л., К., О., С. жеке мүлкін тәркілеп 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Екі сотталушының жас балалары болуына байланысты, оларға қатысты үкімнің орындалуы кейінге қалдырылды.

Жалған фирмаларды ашуға жәрдемдескен екі адам 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеуге сотталып, рақымшылық заңына сәйкес жазадан босатылды.

Мемлекеттік айыптаушы айыптан бас тартқанына байланысты 13-ші сотталушыға қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

 

                                       ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі