Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 1- бөлігімен айыпталып, сотқа кінәні мойындау нысанындағы процестік келісіммен келіп түскен қылмыстық ісі бойынша сотталушы Г.А. жасаған қылмысы үшін сотта айыпты деп танылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сотының үкімімен сотталушының жеке мүлкі тәркіленіп, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 44-бабының талаптарына сай пробациалық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі