Жеке айыптау бойынша дау медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Онтүстік Қазақстан облысының Түлкібас аудандық сотында азамат С.-ға қатысты жекеше айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, жекеше айыптаушы Н.-ны  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беріп, онда айыпталушы С.-ның өзін ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргенін көрсеткен.

Төрағалық етуші судья тараптарға бітімге келуге барлық жағдай жасап, медиация келісімін жасауға жеткілікті уақыт берді.

Басты сот талқылауында жеке айыптаушы Н. өзінің жеке айыптауынан бас тартып, айыпталушы С.-мен кәсіби медиатордың қатысыумен медиация тәртібімен келісімге келіп, татуласқанын көрсетіп, қылмыстық істі қысқартуды сұрап, жазбаша арыз тапсырды.

Осы аталған медиация тәртібімен жасалған келісім бойынша жәбірленушіден сотталушы кешірім сұрауына және моральдық шығынның орнын толтыруына байланысты соңғыға кешірім беріп, айыптаушы айыптауынан бас тартып, істі тоқтатуды сұраған.

Соттың қаулысымен жекеше айыптау бойынша қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласып, медиация рәсімімен келісімге келіп, татуласуына сәйкес, жеке айыптаушы айыптаудан бас тартуына байланысты, іс өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі