Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотталушы А.Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс бойынша анықталғаны, сотталушы А.Н. 2017 жылдың 11 мамырында өзінің басқаруындағы тіркемесі бар «Howo» маркалы жүк автокөлігімен «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» тас жолымен келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта жүріп келе жатқан «Ваз-21214-107» маркалы автокөлікпен соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде «Ваз-21214-107» автокөлігінің жүргізушісі Д.О. алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапқан.

Сот, сотталушы А.Н.-ны аталған бап бойынша кінәлі деп тауып, оны 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сотталушының жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыруына байланысты, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 63-бабын қолданылып, оған шартты жаза тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі