Жұмысшының бұзылған еңбек құқытары қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер А.-ның жауапкер Шымкент қаласы білім бөлімінің мектебіне ескерту және сөгіс түріндегі тәртіптік жазаларды қолдану туралы бұйрықтарды жарамсыз деп тану, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, еңбек кітапшасына түзетулер енгізу, бұрынғы қызметіне қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақы және моральдық зиян өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, жұмыс беруші тарапынан тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі бұзылған, яғни мектеп басшылығы тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша түсініктеме талап етілмеген, даулы актілерде талап қоюшының актілермен танысып, қол қоюдан бас тартқаны жөнінде тиісті жазба жасалмаған, сонымен қатар тәртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесі жұмыскерге хабарламасы бар хатпен жолданбаған, ал қолданыстағы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге хабарламасы бар хатпен тәртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесін жіберуге міндетті, демек жұмыс беруші тәртіптік жазалардың қолдану тәртібін сақтамай, талап қоюшының еңбек құқығын бұзған.

Соттың шешімімен мектептің ескерту және сөгіс түріндегі тәртіптік жазаларды қолдану туралы бұйрықтары жарамсыз, жұмыстан босату туралы бұйрығы заңсыз деп танылып, талап қоюшы бұрынғы мектеп мұғалімі қызметіне қайта орналастырылып, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақысы өндіріліп, жұмысшының бұзылған еңбек құқытары қалпына келтірілді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі