Жылжымайтын мүліктің меншік иесінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер «БТА Банк» акционерлік қоғамының жауапкер М-ге тұрғын үйден басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығару туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, талап қоюшы «БТА Банк» акционерлік қоғамы Шымкент қаласы, Абай ауданы, 112 квартал, Турғанбек Жұманов көшесі №22 тұрғын үйдің меншік иесі болып табылады. Алайда жылжымайтын мүлікті талап қоюшы өз қалауынша пайдалана алмаған, себебі жауапкер М., тұрғын үйді ерікті түрде босатудан бас тартқан.

Соттың 14.06.2017 жылғы шешімімен жауапкер М. тұрғын үйден басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылып, жылжымайтын мүліктің меншік иесінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі