Публикации в СМИ

Русский

«Заң газеті», №51, 11.04.2014 ж.

ТАЛҚЫДА – АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІ

Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылау мақсатында Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарында семинарлар өтіп жатыр.  Шараға Жоғарғы Сот судьялары, жергілікті соттардың төра­ғалары мен судьялары, әкімшілік өкіл­дері, прокурорлар мен әділет, ішкі істер саласының қызметкерлері, «Нұр Отан» партия­сының мүшелері мен адвакатура, нотариат саласының өкілдері қатысуда.

«Заң газеті», №55, 17.04.2014 ж.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕ ДЕ  КЕЛІСІМ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Әлемде медиация ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері  қолданыла бастады. Алдымен АҚШ, Австралия, Ұлыбританиядан бастау алған бұл институт кейін Еуропаның басқа елдерінде кең қанат жайды. Әуелгі кезде отбасылық дау-дамайларды шешумен көрініс тапқан медиация процедурасы кейін ірі-ірі коммерциялық, бұқаралық саладағы дау-жанжалдарды шешуге қолданылды.

Заң газеті №51, 10 сәуір, 2014 жыл

«Көтере алмас шоқпарды беліне байлағандар» жұмысты көбейтуде

Сот жүйесіне қатысты қоғам­ның, қоғам мүшелерінің пі­кірі әр алуан. «Жер бетінде қанша адам болса, сонша пікір бар» деген қағидаға сүйен­сек, пікірдің әралуандығы да табиғи заңдылық. Әрине, төрелік айтушыларға теріс көзқарастағы азаматтарды аз деп айта алмаймын, дегенмен, сотқа сенім артатындардың қатары елімізде соңғы жылдары артып келеді. Мұны сотқа түсіп жатқан талап арыздардың күрт көтерілуінен байқауға болады. Сотқа сенбейтін адамның арыз­­данбасы да анық. Бұл Ел­басы­ның сот жүйесіне деген ұдайы қолдауының, сот саласы май­талмандарының тынымсыз еңбегінің арқасында жеткен жетістік.

«Заң газеті», №53, 15 сәуір, 2014 жыл

Қазылардың бәрі қазақшаға жүйрік

Қазақ тілінің сөздік қоры өте бай. Бір сөздің ондаған, тіпті, одан да көп баламасын пайдалануға болады. Солай бола тұра, тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ана тілімізді сот, құқық қорғау, әскери салада қолдану бірқатар қиындықтар тудырғаны рас.

«ЗАҢ газеті», №28, 25.02.2014ж.

Н.Жамашов, Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекші аудандық сотының төрағасы:

«Тараптарды татуластыратын заңның артықшылығын түсінбей келеміз»

 – Былтыр еліміздің соттарында 1 мил­лионнан астам іс қаралыпты. Бұл даулар­дың көбейгенін білдіре ме, әлде, сотқа деген сенімнің артқанының белгісі ме? 

«Шаян» газеті, № 11, 2014жыл

Сот жұмысын сапалы ұйымдастыру- басты мақсат

Қазақстан Республикасының сот жүйесі соңғы жылдары бірқатар өзгерістерді бастап өткеріп, біршама жетістіктерге қол жеткізді. Елбасының бастамасымен сот реформасында тәжірибенің озық үлгілері қолданылып, сот жүйесі уақыт озған сайын халықаралық стандарттарға сай дамып келеді.

Ал, сот билігінің халық үшін ашық, қолжетімді, жариялылық бағытты ұстануы-Елбасы мен мемлекет тарапынан қойылып отырған басты талаптың бірі.

Страницы