Публикации в СМИ

Русский

«Ашық ақиқат» республикалық қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени ақпараттық апталық газеті, 16.01.2014жыл, №1

Медиация-тараптарды татуластырушы тұлға

         Бұл терминге анықтама беретін болсақ, медиация сөзі латын тілінен аударғанда «mediare», яғни делдалдық ету, тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну болып табылады. Медиация- бұл икемді процесс, құпиялы және бейтарап тұлға /медиатор/ принциптерге сәйкес және медиация тәртібін нақты игере отырып, конфликт немесе дау шешуде, байланыс жүргізу, тексеруші шешімін қабылдағанда және реттеуде белсенді түрде екі жаққа көмектеседі.

«Нарық Әлемі» газеті, №2, 15.01.2014 ж.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биыл да «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» - деп атап көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

«7 cыр», республикалық қоғамдық-саяси газет, №02, 17.01.2014 ж. Әкімшілік жаза тағайындалды

Әкімшілік жаза тағайындалды

        Ауданымыздағы Жамбыл ауыл әкімшілігінің тұрғыны Сапар Ералиев өзінің сенімхат арқылы басқаруындағы «Lada 21144»  маркалы, мемлекеттік белгісі, «672 FNA 13» автокөлігімен Атакент-Абай тас жолы бойында келе жатып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерінің 13.11 тармағын өрескел бұзады. Ол екінші дәрежелі жолмен басқарып келе жатып, басты жолға шығып кетеді. Ал, басты жолмен келе жатқан А.Шоқаевтың басқаруындағы «Ауди-100» маркалы, мемлекеттік белгісі «X 459 YON» автокөлігімен соғысып, жол-көлік оқиғасын жасап, жәбірленуші А.Шоқаевқа материалдық залал келтірген.

«7 cыр», республикалық қоғамдық-саяси газет, №03, 24.01.2014 ж. Әділдік бар жерде береке-бірлік болады

Әділдік бар жерде береке-бірлік болады

      Халқымызда: «Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан тек жақсылық күтеміз» деген дана сөз бар. Сол айтқандай, қазір өткен жылды ойдағыдай аяқтап, жаңа жылда жаңа бағыт-бағдарлармен жұмыс істеуді жоспарлайтын кез.

«7 cыр», Республикалық қоғамдық-саяси газет, №03, 24.01.2014 ж. Ережеге бағынған абзал

Ережеге бағынған абзал

      Баспасөз беттерінде қаншама рет жол-көлік оқиғалары жайлы жазылып жатса да, бұл келеңсіз көрініс тоқтар емес. Кейбір жүргізушілер автокөлікті мас халде басқарса, енді бірі жол тәртібі ережесін өрескел бұзып жатады.

«7 cыр», республикалық қоғамдық-саяси газет, №03, 24.01.2014 ж. Жемқорлық қоғам – дерті

Жемқорлық қоғам – дерті

    Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның дүниеге келгенінен бері осы Заң аясында толағай жұмыстар атқарылып келеді. Әлі де атқарыла беретін болады. Осыған орай аталмыш Заңның кейбір тұстары жайлы оқырмандарға түсініктеме бергенді жөн санап отырмын.

«7 cыр», республикалық қоғамдық-саяси газет, №04, 31.01.2014 ж. Заңсыздыққа жол жоқ

Заңсыздыққа жол жоқ

    Елімізде белгіленген шекаралық тәртіпті көрші елден келгендердің жиі бұзатындары кездесіп жатыр. Олар заңда көрсетілген ережелерге бағынбай, кей жағдайларда өз істеріне сергектікпен қарамай, заңсыз өтуді мақсат етеді. Бірақ, ондайлардың жолына қырағы күзетшілеріміз тосқауыл қойып келе жатқаны бар. Әйтсе де, бұл келеңсіз көрініс әлі де тоқтар емес. Мына сотта қаралған іс бұл сөзімізге дәлел бола алады.

«7 cыр», республикалық қоғамдық-саяси газет, №04, 31.01.2014 ж. Берешекті өндіріп алу тәртібі

Берешекті өндіріп алу тәртібі

   Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу, мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.

«ЮЖНЫЙ КАЗАХСТАН» ОБЛАСТНАЯ ОБЩЕСТВЕННО-ПОЛИТИ-ЧЕСКАЯ ГАЗЕТА, №3, 10.01.2014г.

Суды - индикатор ситуации в регионе
 
Канатбек Конырбаев год возглавляет Казыгуртский районный суд. До этого был председателем Отрарского районного суда. А еще раньше работал судьей Южно-Казахстанского областного суда. Общий судейский стаж - более 16 лет. Был участником VIcъезда судей РК.

Страницы