Публикации в СМИ

Русский

«ЗАҢ газеті» Қоғамдық-саяси құқықтық газет, №6, 10.01.2014ж.

ДАМУЫМЫЗДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖОЛЫ АЙҚЫН

Қазақстан Республикасы Судьяларының VI съезінде дүрілдеп өтіп, тарих жылнамасына жазылды. Онда заң үстемдігін, тәуелсіз сот билігін одан әрі нығайтып, жетілдіре түсу мақсаты алға қойылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев саланың өзекті проблемаларын шешу жолдарына тоқталды. «XXI ғасырда мемлекет дамуының басты өлшемі – ұлттық сот төрелігі жүйесі болып табылады.

«ӘДІЛЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ АПТАЛЫҚ ГАЗЕТІ, № 01, 10.01.2014ж.

Естелікке толы екі күн

«Шәмші әлемінің» қапталынан облыстық соттың жаңа ғимараты ашылғанда оны сыртынан ғана тамашалағаным бар. Еңселі, айбынды екен. Әсіресе үш бидің ескерткіші ерекше көрік пен мазмұн беріп тұр. Шынын айтқанда ғимараттың ішін аралап көруге қызыққаным жоқ. Мұражай емес, театр емес, сірескен судьялар, қасаң жабдықталған мәжіліс залдары кімді қызықтыра қойсын. Білеміз ғой!

«ЗАҢ газеті» Қоғамдық-саяси құқықтық газет, №193, 27.12.2013ж.

Ашықтық болған жерде, әділдік те болады

Биылғы  жыл біз үшін ерекше жыл болды деп айтуға болады. Себебі, төрт жылда бір өтетін Қазақстан Судьялар ода­ғы­ның VI съезі осы жыл­дың қараша айында өтті. Оған Ел­ба­сымыз қатысып, өз сөзінде: «Жалпы, қазақстандық Фемида біртұтас мемлекеттік биліктің толысқан, жауапты және пәрменді тармағына айналды. Барлық деңгейдегі судьялардың орасан еңбегін мен осыдан көремін! Мен сіздердің заң алдындағы қызметтеріңізге, сот мантиясы мәртебесіне адалдықтарыңызға, елімізде әділдік пен құқық тәртібі салтанат құруы үшін атқарып жүрген күнделікті лайықты еңбектеріңізге ризамын», деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Сонымен қатар, Президент, қазақстандық сот төрелігінің барлық құрылымының қызметі мейлінше ашық бола түскенін атап өтті.

Страницы