Публикации в СМИ

Русский

«Қазақтар XXI» газеті, №7, 13.02.2014ж.

Сарыағаш соттарында істердің саны да, сапасы да артқан

Келес пен Сарыағаш өңірінің жері де, елі де құт қонған мекен. Асан Қайғы бабамыз өз заманында жерұйық іздеген сапарында осы атырапта болып, Қазығұрттан бастау алатын, арғы жағы Қаржантау арқылы келетін Келес өзенінің бойын, ел ішін аралай жүріп мынандай өлең жолдарын қалдырған:

«Алғабас» газеті, 20 ақпан 2014 жыл

Сотқа деген сенім артып келеді.

          Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан  2050: бір мақсат бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мемлекеттік органдар жұмысын жетілдірудің 7 ұстанымын ұсынды. Солардың бірі сот саласына қатысты. Президентіміз өз сөзінде «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуы тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен шенділер мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс»,-деді.

«Оңтүстік Қазақстан», №21, 11 ақпан 2014 жыл

Ымыраға ықпал жасайды

           Бүгінде медиаторлардың сот жүйесінде алатын орны ерекше. Бұл біріншіден, әрбір азаматтың құқын қорғауға көмектессе, екіншіден соттасқандардың ымыраға келуіне ықпал жасайды. Медиация заңы- судьялардың жүктемесін жеңілдетуге де септігін тигізетіні сөзсіз.

"Южный Казахстан», №17, 12 февраля 2014 года

Лучший судья 2013 года

В СВИТЕ ФЕМИДЫ

      Полку служителей Фемиды, удостоенных престижного звания «Лучший судья года», прибыло: по итогам 2013-го его ряды пополнила судья специализированного административного суда г. Шымкента Гульмира Кыдырбаева. Из нескольких претендентов на общем собрании судей области в открытом голосовании большинство голосов коллеги отдали ей. Высокая оценка! Среди титулованных Гульмира Дурысбековна - самая молодая по возрасту, но не по стажу: в будущем году исполнится ровно десять лет, как она Указом Главы государства была назначена на судейскую должность. Умница, красавица! Коллега, увидев ее фотографию на моем рабочем столе, полюбопытствовал: «Из сферы искусства?».

«Қазақстан жолы» Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық ақпараттық басылым, № 5, 7 ақпан 2014 жыл

Жемқорлық – індет, жеңу- міндет

      Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқоорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басылымдықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу.

«Егемен Қазақстан», 01.02.2014жыл, №22,

Басты мақсат – адам құқының бұзылмауы

      Өткен аптада Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Бектас Бекназаров Оңтүстік Қазақстан облысы судьялармен, сот жүйесінің мамандарымен кеңейтілген мәжіліс өткізді.

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық – саяси газет, 25.01. 2014 жыл, №11-12

Тараптарды татуластырады

           Көпшілік бар жерде, дау жан жалдың болуы заңдылық. Бірақ атам қазақ кез келген мәселені ортақ келісіммен шеше білген. Әр ауылдың би ағасы болған. Ол дауласқан екі жақтың уәждерін тыңдап, кінәлінің айыбын мойындатып, тараптарды татуластыруға тырысқан. Үлкеннің алдын кесіп өтпейтін, сөзге тоқтай білетін халқымыз қай іске де кешіріммен қарай білген. Мәмілегерлік –елдің тыныштығы мен бірлігін сақтаудың тиімді жолы. Осындай қаңға сінген қасиетіміз Ата Заңымыздан да көрініс тапты. Екі жақтың мәселесін мәмілегерлікпен шешіп берудің ұтымды жолын ойластырып, арнайы заң да қабылданды. 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» №401 Заңы қабылданып, 2011 жылдың 6 тамызында заңды күшіне енген болатын.

«Темірқазық – Ой» республикалық құқықтық, ақпараттық, қоғамдық-саяси газеті, №2 қаңтар 2014 жыл

Қолдауға лайықты жолдау

       Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын әрбір азамат аса зор ықыласпен қабыл алады. Дәстүрлі Жолдау – жаңа өмірдің бағыт берер бағдаршамы секілді. Елбасымыздың Қазақстан даму жолының жаңа белесі –экономиканың нығаюы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған жаңа жобалар, жаңа тапсырмалар деген сөзі жоғарыдағы ойымыздың дәлелі

«7-сыр» газеті, №4, 31.01.2014 жыл

Құнды құжат жауапкершілік жүктейді

Егеменді еліміздегі биылғы жылғы аса үлкен өзгеріс – «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» - деп аталатын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Мұны теңдесі жоқ құжат деп айтқанымыз орынды. Себебі, Ұлт Көшбасшысы Мәңгілік Ел болу идеясын халқымыздың алдына қойып, болашаққа баратын сара жолымызды егжей-тегжейлі айқындап берді. Әсіресе, келешектің ірге тасын қалайтын жайсаң жандар, еңбексүйгіш және білімдар жастарымызға көп үміт артатынын ашық білдіреді.

Страницы