Архив событий

09/10/2017

Облыстық сот «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайына жәдігерлік заттар тапсырды

09/10/2017

Ағымдағы жылдың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбековтың Түркістан қалалық сотына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы мен облыстық сот арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалып, оған Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы О.Лештаев қол қойған болатын.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бейнеконференцбайланыс арқылы қаралды

09/10/2017

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының ғимаратында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы 1-бөлігімен құқық бұзушы Б.К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бейнеконференцбайланыс арқылы қаралды. Бейнеконференцбайланысқа сот отырысы өтіп жатқан Асықата кентінен 16 км қашықтықта орналасқан Мақтаарал ауданының прокуратурасының ғимаратында прокурор Б.Жусипбеков  қатысты.