Архив событий

27/10/2017

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы студенттерге лекция оқыды

27/10/2017

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманберді Шымкент университетінің ғимаратында студенттермен кездесу өткізіп, «Азаматтық дауды сотқа дейін медиация арқылы шешу» тақырыбында  лекция  оқыды.

Іс-шараға Шымкент университетінің студенттері мен жетекші мұғалімдері  қатысты.

Облыс соттарында жаңа тағайындаулар

27/10/2017

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы №564 «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы қызметіне Жексембиев Нұркен Жақыпұлы Алматы қаласы Алмалы ауданы №2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып тағайындалды.