АНОНС (АҢДАТПА)

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Ұлы Жеңістің 69 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, көптеген орден, медальдардың иегері, соғыс тақырыбына арналған «Қазақтың қос батыры», «Война, исчезни навсегда» тағы басқа кітаптардың авторы, Атырау, Оңтүстік Қазақстан өлкелік және Шымкент облыстық соттарын ұзақ жылдар басқарып, әділдігімен халық сеніміне ие болған, заңгер-жазушы, облыстың «Құрметті азаматы» Нығмет Төлендіұлының есімін ел есінде сақтау мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасымен ұйымдастырылған «Биге құрмет – елге құрмет» атты іс-шара аясында, оның бұрынғы тұрған үйіне (Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, №8 үй) мемориалды тақтаны ашу рәсімі осы жылдың 6 мамыры күні сағат 11.00-де өткізіледі.

 

                                                                     Оңтүстік Қазақстан облыстық

                                                                           сотының баспасөз орталығы


Үздік журналистік жұмысқа байқау жарияланды

Жалпы ережелер

Соттардың бұқаралық ақпарат құ­ралдарымен өзара тиімді ықпалдас­тығы – бұл қоғам мен азаматтардың мүдделерін күзетудің өркениетті қызмет­тестігінің моделі. Сот қызме­тінің басым бағыты сот ақпаратына қолжетімділік және ашықтық қағи­датына сәйкес істерді қарау болып табылады. Соттардың күрделі қыз­метін, судьялардың жеке басының қа­сиеттері мен кәсіби біліктілігін танытуда бұқаралық ақпарат құрал­дарының алар орны ерекше.

Соттардың қызметі туралы аза­мат­тардың ақпарат алу деңгейін кө­теру, олардың тартысты оқиғалар­ды құқықтық әдіспен шешуге сенімін арттыру, судьялардың тәуелсіз­ді­гін қамтамасыз ету мәселеле­ріне бұ­қаралық ақпарат құралда­рының назарын аудару, судья лауазымына білікті кадрларды дайындау мақ­сатында Қазақстан Республи­касының Судьялар одағы, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Журналистер одағы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры сот қызметін үздік көрсеткен журналистік жұмыстарға конкурс жариялайды.

 

Конкурстың номинациялары

 

Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:
а) республикалық баспасөз беттерінде сот қызметін үздік көрсету;
б) аймақтық баспасөз беттерінде сот қызметін үздік көрсету. 
 

Конкурс талаптары

Конкурс республикалық және аймақтық баспасөз басылымдары арасында бөлек өткізіледі. 

Конкурсқа ұсынылатын материалдар 2014 жылғы 1 ақпаннан 20 қараша қоса есептелген кезеңде баспа беттерінде жариялануы тиіс.
Конкурсқа қоғамда заңдылықты және тәртіпті нығайтудағы сот қыз­меті және оның рөлі, сот процес­­те­­рінің тәрбиелік және алдын алу-про­филактикалық рөлі, мо­раль­дық-адам­гершілік тақырыбын­дағы очерк­тер, сот тәуелсіздігін қамта­масыз ету, олардың мәртебесін нығай­ту мәселелері туралы басылымдар, сондай-ақ, қоғам игілігіне жұмыс істеп жатқан Фемида қызмет­кер­лері­нің ауыр, сонымен бірге, мәрте­белі еңбегін ашатын материалдар қабылданады. 

Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер конкурстық номинацияның атауын, материалдың атауын, жария­ланған датасын, қысқаша аннота­ция­сын, авторы туралы мәліметтерді (А.Т.Ә., жұмыс орны, кәсібі, тұрғы­лықты жері, телефон номері, элек­трондық адресі) өтініш (еркін, өз қолымен) жазады.
Өтінішке қосымша ретінде автор материалы жарияланған газет не­месе журнал түпнұсқада немесе ре­дакциялық баспа куәландырған ксе­рокөшірме, сондай-ақ, электрон­дық нұсқада (CD-дискіде) ұсыныла­ды. 

Жұмыстар екі тілде: қазақ және орыс тілінде қабылданады.    
Материалдар басылып шығуына бай­ланысты «конкурсқа» белгісімен конкурстың республикалық және облыстық қазылар алқасына жібері­леді.
 

Конкурстың қорытындысын шығару

Республикалық басылымдарға арналған конкурстың қорытындысын шығаруға республикалық қазылар алқасы құрылады, ал, аймақтық БАҚ үшін облыстық қазылар алқасы құры­лады, олардың құрамына сот қауым­дастығының, Журналистер одағы­ның және «Әділ сөз» қорының өкіл­дері кіреді. Қазылар алқасының дербес құрамы аталған ұйымдардың басшы­ларының ұсынысы бойынша құры­лады.  

Конкурстың қорытындысы 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейін шығары­лады.

Республикалық және облыстық қазылар алқасы үш жүлделі орынды анықтайды және жеңімпаздарды марапаттайды. Республикалық қазылар алқасы ақшалай сыйлықтарды мынадай мөлшерде бекітеді:

      Бірінші орынға – 250 мың теңге;

      Екінші орынға  – 150 мың теңге; 

      Үшінші орынға – 100 мың теңге. 
 

Облыстық қазылар алқасы марапаттау мөлшері мен түрін өздері дербес анықтайды.

Республикалық және облыстық қазылар алқасы ақшалай сыйлық­тардан бөлек жеңімпаздарға басқа да ынталандыру сыйларын бекітуі мүмкін.    

Республикалық қазылар алқасы­ның орналасу мекенжайы: Астана қ., Д.Қонаев көшесі, 39 үй, электрондық мекенжайы union96@bk.ru.                    

Облыстық қазылар алқасының орналасу орны – Судьялар одағының облыстық филиалдары.