Аудандық сот төрағасы Заң талаптарын насихаттау мақсатында халықпен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының төрағасы Ж.Мақұлбаев аудандық соттың ағымдағы жылдың іс-жоспарына сәйкес, «Медиация туралы» Заңының  талаптарын түсіндіру мақсатында 06.02.2014 жылы Сарыағаш ауданы  Қошқарата ауыл округі тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге Сарыағаш ауданы Қошқарата ауылдық округі әкімі  мен аппарат қызметкерлері, тұрғындары, төбе биі, ауыл билері, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, жастар өкілдері сондай-ақ,  кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.

Кездесу барысында ҚР «Медиация туралы» Заңы талаптары толығымен түсіндіріліп, кеңінен талқыланды. Жиналысқа қатысушылар медиацияның қолданылу саласы, мақсаты, медиаторлардың қызметіне қойылатын талаптар мен атқаратын қызметі жайында және медиацияны қолдану кезінде туындаған сұрақтарына аудандық сот төрағасы Ж.Мақұлбаевтың тарапынан толыққанды жауаптар алды.

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі