Брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы 13 ақпанда Бәйдібек аудандық сотының мәжіліс залында «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және аудандық соттың 2013 жылғы жұмысын қорытындылау бойынша брифинг өткізілді. 

      Аталған іс-шараға Бәйдібек ауданы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен соттың судьялары және кеңсе меңгерушісі қатысты.

         Аудандық соттың төрағасы Ә. Бекназаров «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша және аудандық соттың 2013 жылы атқарған жұмысын қорытындылап баяндама жасады.

      Брифинг соңында сот төрағасы, судьясы мен кеңсе меңгерушісі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар, Медиация туралы Заңның қолдану барысы туралы қойған сұрақтарына жауап берді.

 

Бәйдібек аудандық сотының баспасөз қызметі