Облыс соттарындағы тағайындаулар туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыс  соттарындағы тағайындаулар туралы

          «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 ақпандағы Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қалалық сотының төрағасы қызметіне Сералиев Ерлан Тұрысбекұлы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Шымкент қаласының Абай аудандық сотының судьясы қызметіне,Шәріпов Марат Ырсынбетұлы, Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотының судьясы қызметіне, Мүсірәлі Жанат Мүсірәліқызы, Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметіне Анарбаев  Қамшыбек Ахметұлы және Білтебай Алтын Ж үзжасар қ ызы тағайындалды.

              Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары   Қуандықова Раушан Мұсақызы жәнеТашполатов Сейілхан Сырлыбайұлы Алматы қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалуына байланысты қызметтерінен босатылды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық

сотының баспасөз орталығы