Жүргізушіге айыппұл салынды

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

ОҚО Түркістан қалалық сотында азамат О.Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарына сай  құқық бұзушы О.Б. өзінің басқаруындағы «Opel Vektra» маркалы автокөлігін, Түркістан қаласы, Қазбек би көшесі бойында орналасқан «Астана» мейрамханасының маңында, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра алкогольдік масаң күйінде басқарып, Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі қағидаларының» 2.4.2 тармағының талабын бұзып, жол-көлік оқиғасын жасап, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған деп хаттама толтырылған.

Түркістан қалалық соты О.Б. іс-әрекетін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігінен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігіне қайта саралап, оған осы баппен – 317 660 (үш жүз он жеті мың алты жүз алпыс) теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген .

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі