Архив событий

01/02/2017

Құқық бұзушылықтың салдары

01/02/2017

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Ч.В. ҚР ӘҚБтК-нің  481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілікке тарту ретінде «ескерту» жасалды және құқық бұзушылықтың салдарынан алынған айғақты зат мемлекет пайдасына тәркіленді.

Монополиялық қызмет үшін жауаптылыққа тартылды

01/02/2017

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық соты құқық бұзушы Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 159-бабының 2-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Шетел азаматына айыппұл салынды

01/02/2017

Кентау қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы А.Х. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 34 035 теңге айыппұл салынды.