Архив событий

17/02/2017

Параны алған үшін сотталды

17/02/2017

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен О.Джумаков Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айыра отырып, жеке мүлкін тәркілеумен, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген.

Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба талқыланды

17/02/2017

Арыс аудандық сотында ауыл округінің әкімдерінің, кәсіби емес медиаторлардың, адвокаттардың, этно-мәдени орталық өкілдерінің және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Салықты және бюджетке төленетін басқа да төленетін міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған

17/02/2017

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен М.А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 245-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге коммерциялық қызметпен айналысу құқығынан айырып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептелген.

Әр тарап өзінің уәждерін дәлелдеуі тиіс

17/02/2017

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер А.Б.-ның жауапкер С.Т.-ден келтірілген моральдық зиянды өтеу, сот және жол шығындарын өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс қаралды.

Сайрам аудандық сотында тергеу судьясының өкілеттігі және жекеше айыптау істер бойынша іс жүргізу мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізілді

17/02/2017

Сайрам аудандық сотында тергеу судьясының өкілеттігі және жекеше айыптау істер бойынша іс жүргізу мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. Дөнгелек үстелге Сайрам аудандық прокуратурасының прокуроры, ІІБ-ның орынбасары, АІІБ-ның ЖПҚ-нің және пробация қызметі бөлімінің басшылары, сот медициналық сараптама бөлімшесінің сарапшысы, адвокаттар, аудандық соттың судьялары мен мамандары қатысты.

Төлеби аудандық соты азаматтық істер бойынша жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды бастады

17/02/2017

Төлеби аудандық сотында «Азаматтық істер бойынша жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Хабарлама «Ашық есік күні»

17/02/2017

2017 жылдың 23 ақпанында сағат 15:00-ден 18:00 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.