Архив событий

28/02/2017

Хабарлама «Ашық есік күні»

28/02/2017

2017 жылдың 6 наурызында  сағат 15:00-мен 18:00 аралығында Шымкент қаласының  Абай аудандық сотында сот  төрағасы мен судьялардың қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

Мемлекеттік тілді дамыту жөнінде семинар

28/02/2017

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – мемлекеттік-құқықтық саясаттың ажырамас бір бөлігі» тақырыбында өткізген семинарға сот төрағасы Ж.Балғанбеков, судьялар және сот мамандары қатысты.

Сот залынан

28/02/2017

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылдың 23 ақпанындағы ұйғарымымен «Қазақ әуендерінің орындаушылары» РҚБ-гі «Реабилитационо-оздоровительный комплекс Ақсу-Жабағылы» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Сайрам аудандық сотының судьясы С.Е.Кабылова «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына қатысты

28/02/2017

Сайрам аудандық сотының судьясы С.Қабылова «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына қатысты. Ол  азаматтарды қабылдау барысында 26.01.2017 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаның бағыттары мен қолдану тәсілдерін түсіндірді.

Терроризмге қарсы сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген

28/02/2017

Шымкент  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 8.02.2017 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны И.Г. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің     149-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде  453 800 теңге айыппұл салынған. 

Созақ аудандық сотында Жоғарғы Соттың жаңа пилоттық жобасының мақсаты мен міндетін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті

28/02/2017

Созақ аудандық сотында жергілікті прокуротураның, кәсіби емес медиаторлардың, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының, Әділет басқармасының, заң консультациясының адвокаттары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» және «Мемлекеттік бажды мемлекет пайдасына өндіру туралы сот актілерінің орындалуы мақсатында соттар мен мемлекеттік органдардың жұмыстарын күшейту»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жоғарғы Соттың татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту жөніндегі пилоттық жобасын түсіндіру бойынша Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

28/02/2017

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық соты Бірінші Мамыр ауыл округінде даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Шараға аудандық прокуратураның, ішкі істер бөлімінің, заң кеңесінің адвокаттары өкілдері мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлар   шақырылды.