Архив событий

22/02/2017

ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаны талқылау бойынша кездесу өтті

22/02/2017

Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, судьялары, ОҚО бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, ОҚО нотариаттық палатасы мен адвокаттар алқасының, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және БАҚ  өкілдері қатысты.

Жәбірленушіге күш қолданып, мүлкін тонағаны үшін сотталды

22/02/2017

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен жәбірленушінің өміріне қауіпті емес күш қолданып бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны үшін Т.А.-ға қатысты қылмыстық  іс қаралды.

2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы баспасөз мәслихаты өтті

22/02/2017

Арыс аудандық сотында «Аудандық соттың 2016 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары» туралы баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шарада судья А.Қосмұратов қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді, соттың БАҚ құралдарымен жасаған жұмысы туралы баяндама жасады.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті

22/02/2017

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық сотында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған, жергілікті мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің, құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері мен аудандық соттың судьялары және қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.