ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаны талқылау бойынша кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, судьялары, ОҚО бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, ОҚО нотариаттық палатасы мен адвокаттар алқасының, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және БАҚ  өкілдері қатысты.

 Іс-шара өткізу барысында ОҚО экономикалық сотының судьялары Н.Рахынбаев және М. Оңласов жаңа жобаның қолжетімділігі мен тиімділігі медиация иститутын дамуына жаңа қарқын беретінін, бітімгершілікпен аяқталатын істердің ауқымын кеңейтетінін атап өтті.

Жаңа жобаны таныстыру  рәсіміне келген қонақтар жобаға қолдау білдіріп, жаңашылдықтың кешікпей заңнамалық тұрғыдан бекітілуіне үміт артатындарын  және бұл жоба халықтың сот шығыстарын азайтып, тұрғындардың сотқа дейінгі дауды ретеуге қадам басулары үшін қызығушылықарын оятатындығын айтты.

Кездесу соңында судьялар пікір алмасып, туындаған сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар беріліп, қатысушыларды дұрыс сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында көрсетілген жаңа институтты дамытуға бірлесе атсалысып, өз үлестерін қосуға шақырды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі