Архив событий

29/03/2017

Колледж студенттерімен кездесу өткізілді

29/03/2017

Сарыағаш аудандық сотының судьясы З.Алсеева кәсіби емес медиаторлармен бірге «Абу Али Ибн Сина» медициналық колледжі мен «Қапланбек аграрлық колледжінің» студенттеріне «Медиацияны қолдану тәртібі» және «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыптарына лекция оқыды.

Сотта «Ашық есік күні» өткізілді

29/03/2017

Кентау қалалық сотында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы ОҚО филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы М.Пәрменов «Ашық есік» күнін өткізді. Іс-шараға қалалық соттың қызметкерлері, адвокаттар және қала тұрғындары қатысты.

«Медиация туралы» Заңды қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

29/03/2017

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының судьясы А.Шиндалиев кәсіпқой емес медиаторлар және БАҚ-тың өкілдерінің қатысуларымен «Медиация туралы» Заңды қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.