Архив событий

10/03/2017

Пилоттық жоба бойынша дөңгелек үстел өтті

10/03/2017

Бүгін Бәйдібек аудандық сотының мәжіліс залында «Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді еңгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

10/03/2017

Ордабасы аудандық сотында 2.03.2017 жылы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабымен құқық бұзушы У.К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Пилоттық жоба қолданыста

10/03/2017

Жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеуді енгізу бойінша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесіне сай, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында талапкер  Ф.Истамкулова жауапкер Х.Капбароваға үйден шығару туралы азаматтық іс судья М.Калмурзаевамен қаралған.

Тілге қажеттілік туа бастады

10/03/2017

Таяуда А.Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Сырласу-Алманах» жастар клубының ұйымдастыруымен «Тіл ұлттың сүйінетін тамыры, сыйынатын тәңірі» атты  тағылымды кеш болып өтті. Жиынға қатысушылар тілдің адамзат өміріндегі орны, тарихы, мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті.

Тауар таңбасын заңсыз пайдаланған

10/03/2017

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 1.02.2017 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Н.М. Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 158-бабымен айыпты деп танылып, осы баппен Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің қоймасында сақтауда тұрған 7 (жеті) дана «Card cleaner» тауар таңбасы бейнеленген химиялық тазартқыш заты тәркіленіп, соңынан жою арқылы қырық айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 907 600 теңге әкімшілік айыппұл салынған. 

Пилоттық жобасын түсіндіру бойынша Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

10/03/2017

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық соты Көксәйек ауыл округінде даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізудегі пилоттық жобаны түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Шараға прокуратураның, ішкі істер бөлімінің, заң кеңесінің/ адвокат/ өкілдері мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлар   қатысты.

Алаяқтық қылмыс жасаған үшін сотталғанға шартты түрде сынақ мерзімін тағайындау туралы үкім қабылданды

10/03/2017

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (1997ж. редакциядағы) 177-бабының 4-бөлігінің «б»-тармағымен айыпталып, сотқа берілген сотталушы «Т» деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта үш жәбірленуші сотталушы «Т» деген азаматқа материалдық және моральдық залалды өтегеніне байланысты кешірім берді.

«Жекеше айыптау істерін қарау барысында туындаған мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

10/03/2017

Арыс аудандық сотында прокуратураның, аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының, учаскелік инспекторлардың, сондай-ақ жергілікті «Арыс толқындары» телеарнасының, жергілікті газеттердің журналистерінің қатысуымен «Жекеше айыптау істерін қарау барысында туындаған мәселелер» бойынша дөңгелек үстел өтті.