Архив событий

24/03/2017

Экономикалық сотта «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құқықтық жүйені дамыту бағдарламасының іске асырылу барысы» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті

24/03/2017

«Дөңгелек үстел» мәжілісінің жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы мен судьялары, облыстық прокуратурасының, ОҚО Әділет, Мемлекеттік кірістер департаменттерінің, облыстық кәсіпкерлер палатасының, Шымкент қаласы әкімі аппаратының, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының және БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан қалалық сотының төрағасы Шаға, Оранғай, Қарашық ауыл тұрғындарымен кездесті

24/03/2017

Түркістан қалалық сотының төрағасы О.Серикбаевтың бастамасымен халықпен кездесу өткізді. Оған қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Е.Кыдырбаев, жергілікті полиция қызметінің бастығы К.Жаксылыков және атқарушы билік өкілдері қатысты.

Судьялар азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды оқып зерделеді

24/03/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Оқу орталығының ұйымдастыруымен облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы Заңын, сондай-ақ, «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы №7, «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №21 Нормативтік қаулыларын оқып зерделеу тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.