Архив событий

18/03/2017

ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің жаңадан қызметке қабылданған мамандары ант қабылдады

18/03/2017

Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің отырысында жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

Бұлтарпау шарасына санкция берілді

18/03/2017

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтарында көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен ұсталған айыпталушы М.-ны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына 2 ай мерзімге санкция берді.

Сот медиациясы туралы пилоттық жоба бойынша дөңгелек үстел өтті

18/03/2017

Бәйдібек аудандық сотының ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданының әкімдігінің мәжіліс залында «Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел өтті

18/03/2017

Шымкент қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырып, дұрыс рәсімдеу, уақтылы сотқа қарау үшін жолдау мерзімдерін сақтау мақсатында» дөңгелек үстел өткізілді.

Медиация тәртібімен жасалған келісім арқылы талапкерге 667 788 теңге мемлекеттік баж қайтарылды

18/03/2017

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылдың 16 наурызындағы ұйғарымымен «Силумин-Восток» ЖШС-нан «Құрылыс-Юг»  ЖШС-гі қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Соттар әкімшісінде «Сот кабинеті» сервисі, электронды атқару құжаттары, ДБЖ (АВФ) жазба жүйесін қолдану және азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары бойынша семинар өтті

18/03/2017

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің ұйымдастыруымен облыстың жергілікті соттарының кеңсе меңгерушілері және мамандарының қатысуымен «Сот кабинеті» сервисі, электронды атқару құжаттары, ДБЖ (АВФ) жазба жүйесін қолдану және азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары бойынша» тақырыбында семинар өтті.

Жоғарғы Сот жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасын іске қосты

18/03/2017

Қолданыстағы бітімгершілік рәсімдердерді дамыту дауларды реттеу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарылды

18/03/2017

Кентау қалалық сотының 14.03.2017 жылғы қаулысымен құқық бұзушы У. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің   517-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы жаза тағайындалды.

Сайрам аудандық сотының ұжымы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Наурыз мерекесімен құттықтады

18/03/2017

Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесі қарсаңында Сайрам аудандық сотының ұжымының бастамасымен Сайрам ауданы Көмешбұлақ ауылында орналасқан «Бауыржан» атындағы отбасылық негізіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.