Архив событий

12/09/2017

Қарияның мүлкін ашық жымқырғаны үшін сотталды

12/09/2017

Бұрын бірнеше мәрте сотталған С.К. 14.08.2017 жылы спирттік ішімдік ішкен мас халде, тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру мақсатында, Созақ ауданы, Қарағұр ауылы, Батырбеков көшесінде орналасқан үйге заңсыз кіріп, 10.10.1936 жылы туылған Д.Н.-ны бетінен бір рет ұрып, яғни оның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, үйде тұрған құны 25 000 теңге тұратын велосипедті ашық түрде жымқырған.

Сотталушы С.К. басты сот талқылауында кінәсін мойындап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Балық аулау ережелерін бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылды

12/09/2017

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық сотында құқық бұзушы Ч.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Істі сотта қарау барысында анықталғандай, құқық бұзушы Ч. 2017 жылы 19 тамызда Шардара су қоймасының балық аулауға тыйым салынған учаскесінен рұқсат құжатсыз, тыйым салынған құралмен, атап айтқанда, қолдан жасалған балық аулауға арналған құралмен, балық аулау сәтінде балық инспекциясының қызметкерлеріне ұсталған.

Қылмыстық іс көшпелі сот отырысында қаралды

12/09/2017

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департа-ментінің «Атамекен» кеден бекетінде осы мекеменің бұрынғы қызметкері Қазақстан Республикасы ҚК-нің  366-бабы 3-бөлігінің 1),4) тармақтарымен сотқа берілген С.С.-қа қатысты қылмыстық іс көшпелі сот отырысында қаралды.