Архив событий

25/09/2017

Мемлекеттік сатып алу конкурсының корытындысын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттарды даулау барысынды туындайтын мәселелер талқыланды

25/09/2017

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында: «Мемлекеттік сатып алу конкурсының корытындысын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы  келісім-шарттарды даулау барысынды туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот азаматшаның зейнетақы алу жөніндегі құқығын қорғады

25/09/2017

Әл-Фараби аудандық сотына Б. деген азаматша «Ю.» АҚ-ның өзіне зейнетақы салымын өз мерзімінде салмаған әрекетсіздігін заңсыз деп тануды сұрап арызданған. Арызданушы өз арызында зейнетке шығатын уақытында жауапкер «Ю.» АҚ-ында жұмыс істеп жүріп, 2017 жылғы наурыз айында өзінің құқықтары бұзылғанын білген, яғни жауапкер 2010 жылдың мамыр айы мен 2016 жылдың наурыз айы аралығындағы міндетті зейнетақы салымдарын арызданушының зейнеатақы қорына аудармаған.