Архив событий

28/09/2017

Сот төрағасы Дарбаза ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

28/09/2017

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Балғанбеков азаматтарға құқықтық көмек көрсету және азаматтардың сотқа деген сенімділігін арттыру мақсатында Дарбаза ауылында ауыл әкімі Е.Әлімбаев, аудандық БАҚ-ның өкілдері, «Сәт» телеарнасының қызметкерлері, аудандық прокуратура өкілінің, құқық қорғау органдарының өкілдері және ауыл тұрғындарының қатысуларымен кездесу өткізіп, соңынан азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Отырар аудандық сотында жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

28/09/2017

Бүгін Отырар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі  «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» № 551 Жарлығымен жаңадан тағайындалған судья таныстырылды.

Аудандық сот төрағасы азаматтарды жеке қабылдады

28/09/2017

Сайрам аудандық сотының төрағасы Б.Тыныбеков жоспарға сәйкес Сайрам ауданы ауылдық округтері әкімшіліктерінің, құқық қорғау органдарының, медиаторлардың, нотариустардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен халықпен кездесу өткізді.