Билік өкілінің заңды талабына бағынбаған азамат сотты болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі және 380-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылық  жасағаны үшін азамат М.А.-ға қатысты іс қаралды.

Сотталушы М.А. жолдастарымен түнгі уақытта көршілерінің тыныштығын бұзып, балағат сөздер айтып, ұйқы бермеген.

Пәтер иелерінің шақыртуы бойынша, яғни қызмет бабымен, полиция қызметкері И.Н. Шымкент қаласы, 11 мөлтек ауданындағы үйдің ауласына келген.

Ол М.А.-ға уақытша бейімдеу уытсыздандыру орталығына орналастыру үшін алып кететіндігін түсіндіргенде, ол заңды талапқа бағынбай, дөрекі сөйлеп, қызмет бабындағы билік өкіліне қол көтеріп, оң көзінен ұрып жіберген.  

Сот сотталушы М.А.-ның нашақорлыққа, маскүнемдікке тәуелділігін ескеріп, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын  үкім етті. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі