Бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен айыпталған А.А.-ға қатысты қылмыстық ісін қарады.

Сотталушы А.А. спирттік ішімдік ішкен масаң күйде, Арыс-2 станциясында «Петропавл-Қызылорда» жолаушылар поезының электровозына қарай бірнеше рет тас лақтырып, электровоздың терезелері мен темір қаңқаларын зақымдаған. Нәтижесінде №12 вагонның бір терезесі сынып, жәбірленуші «ARLAN TRANS ASTANA» ЖШС-не 3 268,67 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.  

Арыс аудандық сотының үкімімен сотталушы А.А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған бас бостандығын бір жылға шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі