Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында  талап қоюшы К.А.-ның жауапкер Е.К.-ға баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайына алимент өндіру туралы азаматтық ісі партисипативтік рәсім тәртібінде қаралды.

Төрағалық етуші судья тараптарға партисипативтік рәсім тәртібінде келісімін жасауға уақыт беріп, сот отырысы барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірді.

Соттың ұйғарымымен талап қоюшы К.А.-ның жауапкер Е.К.-ға баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайына алимент өндіру туралы ісі  бойынша қорғаушылардың дауды партисипативтік тәртібімен реттеу туралы ортақ келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Келісім бойынша талап қоюшы К.А. өзінің талабынан бас тартып, жауапкер Е.Б. ай сайын 5 (бес) айылық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенеді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі