«Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы Ж.Балғанбеков, әкімшілік соттың судьялары М.Сарсембаев, С.Байниязов, Ж.Кенжебаева, сондай-ақ Сарыағаш АІІБ-ның жол полиция инспекторлары қатысты.

Дөңгелек үстелде сот төрағасы баяндама жасап, 2017 жылдың 9-айындағы көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар статистикасына тоқталып өтті.

Сондай-ақ судьялар, жол полиция инспекторларына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қозғаудың себептері мен негiздеріне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаманың  талапқа сай рәсімделу ережелеріне  және әкімшілшік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзімдері жөнінде өз пікірлерін айтып, сотқа жолданатын жол көлік оқиғасына қатысты даулы істер бойынша міндетті түрде трассалогиялық сараптаманың қорытындысымен бірге, ал қалған істер бойынша екі қалыстың қатысуында, полиция қызметкері, жол көлік оқиғасына ұшыраған автокөліктерді панорамалық фотокестелерді тіркей отырып сотқа жолдау туралы ұсыныстар берді.

Іс шара соңында сот төрағасы жол полиция инспекторларының бір қатар сұрақтарына жауап беріп, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі