Қылмыстық іс көшпелі сот отырысында қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтаарал аудандық соты Қазыбек би ауылдық округі әкімдігі аппаратынның ғимаратында Қазақстан Республикасы ҚК-нің  200-бабының 1-бөлігімен сотталушы Б.Н.-қа қатысты қылмыстық істі көшпелі сот отырысында ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындарының қатысуымен қаралды.

Сот барысында анықталғандай, сотталушы Б.Н. 16.09.2017 жылы сағат 21:20 шамасында алкоголь ішімдігін ішкен мас халде Мақтаарал ауданы Қазыбек би ауыл округі Құрбан ата ауылында көше бойында тұрған  Аudi-100 маркалы автокөлігінің құлыпталмағанын байқаған. Ол автокөліктің есігін ақан және оталдырығышта тұрған кілтті көріп, көлікті оталдырып,  жымқыру мақсатынсыз заңсыз айдап кеткен және арада 15 минут уақыт өісімен аталған көлікті иесіне қайтарған.

Соттың 29.09.2017 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған Б.Н. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиянның есесін толық орнына келтіруіне байланысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатыла отырып, қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі