Қылмыстық іс көшпелі сот отырысында қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманбердінің төрағалық етуімен Шымкент қаласы, Қайтпас-2 шағын ауданында орналасқан №59 мектептің ғимаратында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен, ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі-188 бабы 2-бөлігінің 1,2,3 тармақтарымен айыпталып, сотқа берілген сотталушылар Е.А. мен Д.Т-ға қатысты қылмыстық іс көшпелі сот отырысында аяқталды.

Көшпелі сот отырысында прокурордың, сотталушылардың, қорғаушылардың, Қайтпас-2 шағын ауданынының ауыл билері мен тұрғындарының қатысуында сот үкімі, қаулы мен жекеше қаулысы жарияланды.

Сот үкімімен сотталушылар Е.А. және Д.Т. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сот үкімінде Е.А. және Д.Т.  бірнеше рет тұрғын-үй жайға кіріп негізінен теледидарды, тағы басқа құнды заттармен ақшаны ұрлағандығы анықталды.

Сот отырысы аяқталған соң, Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманберді қатысушыларымен сұхбат өткізіп, оларға қабылданған үкімі мен қылмыстық  құқық бұзушылықтың орын алған себептерін түсіндіріп өтті.

Бұдан бөлек, бұл іс-шара халықтың арасында жаңа қылмыстық  құқық бұзушылықтың орын алуының алдын алу мақсатында, қылмыстық заңнаманың қағидаларын айтып өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі