Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас аудандық соты 2017 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмыстарын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түлкібас аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру нәтижесі бойынша қорытындылау жиналысы өткізілді.

Жиынға Түлкібас аудандық сотының төрағасы А.Е.Сұлтанов, судьялар Б.А.Турабай,  А.Н.Муханова, сот қызметкерлері және Түлікбас ауданы прокурорының міндетін атқарушы А.Өтегенов, Түлкібас АІІБ бастығының орынбасары Қ.Тастеміров, Түлкібас ауданы заң кеңсесінің меңгерушісі А.Дүйсеқұлов, кәсіби медиатор А.Тулесов және Түлкібас аудандық «Шамшырақ», «Машат» қоғамдық-саяси газеттерінің тілшілері қатысты.

Жиын барысында сот төрағасы 2017 жылдың 9 айында аудандық сотта 1538 азаматтық 447 әкімшілік және 159 қылмыстық істер қаралғанын, «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсетін электрондық арыздардың саны 100%-ға жеткізілгенін, кейбір қаралған істердің қоғамда аса қызығушылық тудыруына байланысты, облыстық соттың баспасөз қызметімен БАҚ өкілдері барлық қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіліп отырылғанын баяндады.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының соттары ішінде Түлкібас аудандық соты «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын  іске асырушы сот болып бекітілгендіктен, аудандық сот төрағасы жиналысқа қатысушыларға, сандық технологияларды енгізу қылмыстық ісін жүргізуді оңтайландыруға, қылмыстық істің айқындығын арттыруға, қылмыстық процестің мерзімін қысқартуға, сондай-ақ қағаз жұмыстарын оңтайландыруына, мемлекеттің және тараптардың материалдық шығындарын азайтуға арналғандығын түсіндірді.

Аудандық сот төрағасы сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, халықпен кездесулер өткізгенін мәлімдеді Электрондық сот жүйесі,  сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және мемлекеттік тілді насихаттауға ерекше назар аударылғандығын атап өтті. 

Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша аудандық соттың төрағасы судьялардың басты назарын сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға, істерді қарау мерзімдерін, тараптарға сот актілерін табыстау мерзімдерін қатаң сақтауға, сот процестерінің уақытылы басталуына, азаматтардың және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғауға басты назарды аударуды талап етті.

Источник: 
Пресс-служба Южно-Казахстанского областного суда