Ордабасы аудандық сотының төрағасы халықпен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ордабасы аудандық сотының төрағасы Құнанбай Мұсаев Қараспан ауыл округі әкімшілігінің ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге аудан маслихатының депутаттары, прокуратура, полиция өкілдері, ауыл әкімі, ақсақалдар, ұжым басшылары, медиаторлар мен ауыл билері қатысты.

Қ.Мұсаев өз сөзінде бүгінгі күнде сот саласында болып жатқан жаңалықтарға тоқталып, азаматтық істерді қарау тәртібі жаңаша, яғни бұйрық, қысқа шешім, шешім шығару арқылы жүргізілетінін түсіндірді және қылмыстық, әкімшілік істердің қарау тәртібі туралы мағлұматтар берді.

Сот билігіне халықтың «Медиация заңы арқылы кәсіби және кәсіби емес медиатор болып, алқа билерге кімдердің қатысатыны туралы ұғынықты мәліметтерді айтты».

Азаматтардың сотқа сот кабинеті арқылы арыздар түсіріп, сотта жүргізіліп жатқан бейне-аудио жазбаларды ала-алатыны туралы баяндады.

Азаматтардың сұрақтарына  жауаптар берілді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі