Шымкенттегі мектептердің басшыларымен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен Шымкент қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге Шымкент қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, Шымкент қаласында орналасқан 132 мектептің басшылары мен тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Тажиева кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндама жасады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын алдын алу  туралы баяндамасын оқып, 2016 жылмен ағымдағы жылды салыстырғанда мектеп оқушыларымен жасалынған қылмыстар санының артқандығын атап өтті.

Іс-шара соңында мектеп басшылары тарапынан барлық ұсыныстар мен сұрақтарға жауап беріліп, мамандандырылған сот қызметкерлерінің мектеп ұжымына келіп, кездесулер өткізу және тәрбиесі нашар балаларды ашық сот порцестеріне қатыстыру туралы ұсыныстары қабылдынды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі