Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі бейне конференц байланыс арқылы қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы М.Сарсембаев жұбайын ұрып соққан яғни Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігін бұзған, қазіргі таңда басқа қылмыстық іс бойынша ИЧ-167/11 мемлекеттік мекемесінде бұлтартпау шарасы күзетпен ұстауда отырған К.Ж. қатысты әкімшілік істі бейне конференц байланыс арқылы қарады.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Ж.К. Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылында яғни өзінің үйінде жұбайы Г.К. өз араларында болған бас араздық салдарынан туындаған жан-жал барысында, қол жұмсап, тән ауруына ұшырататын іс-әрекеттер жасаған, яғни Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен тараптардың сот мәжілісінде өзара татуласып, келісімге келуіне байланысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес әкімшілік істі қысқартты.

Сот отырыстарының бейне конференц байланыс арқылы қаралуы сот өндірісінің қаралуын қысқартып, істің қаралуын жылдамдатады және сот төрелігінің айқындығын көрсетеді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі