Созақ аудандық соты көшпелі сот отырысын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Созақ аудандық соты Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің ғимаратында көшпелі сот отырысын өткізді.

Көшпелі сот отырысында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 465-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни рұқсат беру мерзімін бұзғаны үшін құқықбұзушы Ә.Ғ.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Істі қарау барысында құқықбұзушы Ә.Ғ. қызмет алушы «Оңтүстік тау – химиялық компаниясы» Бірлескен кәсіпорыны» ЖШС-не қатысты мемлекеттік қызметтердің стандарттарында көзделген рұқсат беру мерзімін бұзған.

Құқықбұзушы Ә.Ғ. жасаған құқықбұзушылық әрекетіне өкінетінін мәлімдеген.

Сот қаулысымен  құқықбұзушы Ә.Ғ. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 465-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.

Көшпелі сот отырысына Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі Кәсіпкерлер палатасы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысып, соңында пікірлерін білдіріп, басқаларға алдағы уақытта сабақ болатынын атап өтті.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі