Татуласуға байланысты әкімшілік іс қысқарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Созақ аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы А.С. ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, құқық бұзушы А.С. Созақ ауданы, Құмкент ауылындағы өзінің үйінде жұбайы жәбірленуші Б.Ә.-мен араларында болған келіспеушілік барысында, оған былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдіріп, тыныштығын бұзған.

Аталған істі сотта қарау барысында құқық бұзушы А.С. кінәсін мойындап, жұбайы Б.Ә.-дан кешірім сұрап, онымен татуласуына байланысты, әкімшілік істі қысқартуды және әкімшілік жауаптылықтан босатуды сұрады. Сот отырысында жәбірленуші Б.Ә. аталған оқиға бойынша жұбайы А.С.-ға кешірім беріп, онымен татуласқанын айтып, әкімшілік істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен азамат А.С. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,  Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 64-бабының 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен татуласуына байланысты, оны әкімшілік жауаптылықтан босатып, әкімшілік ісі өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі