Университет студентерімен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында аудандық соттың төрағасы Е.Рахманберді  Шымкент  университетінің  студенттерімен  кездесу  өткізді.

Іс-шараға Шымкент университетінің студенттері мен жетекші мұғалімдері  қатысты.

Кездесу барысында аудандық соттың төрағасы Е.Рахманберді студенттерді сот мәжілісі залдарымен және сот құрылымымен таныстырып, 28.01.2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» заңын қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын, бұл пилоттық жоба дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталғанын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 11 қадамы тікелей сот құрылымына жүктелгенін, сот төрелігі үш сатылы жүйеге көшкенін, сондай-ақ студенттер мен жасөспірімдердің арасында болатын құқық бұзышылықтардың салдары келешекте өздерінің өмірлеріне кері әсерін тигізетінін түсіндіріп, сот жүйесінде қолданылып жатқан заманауи технологиялар мен жаңа ақпараттық сервистерге тоқталды. 

Сонымен қатар сот төрағасы кездесуге қатысқан студенттер мен мұғалімдердің  қойған  сұрақтарына  жауап  беріп,  «азаматтық дауларды медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу» тақырыбында өзара пікір алмасты.

Іс-шара соңында университет мұғалімдері кездесуді ұйымдастырған соттың  ұжымына ризашылығын білдірді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі